Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қимылдай алатын қуыршақтар»
09.12.2021
9 желтоқсанда кітапхана фойесінде ерекше көрменің ашылуы өтті: бұл көрмеден бұрын үйреніп қалған суреттердің орнына көрермендер қуыршақтардың әртүрлі түрлерін – қуыршақтарды, актер киетін қуыршақ киімдерін, сыммен ойнатылатын қуыршақтарды көруге мүмкіндік алды.

«Қимылдай алатын қуыршақтар» деп аталатын бұл көрме Қостанай облыстық қуыршақ театрының 35 жылдығына орай арнайы дайындалды. Экспозицияның басты кейіпкерлері театр қуыршақтары – түрлі  театрландырылған қойылымдардың кейіпкерлері болды. 

Көрмеде сондай-ақ театр өмірі туралы баяндайтын фотосуреттер, жарқағаздар, альбомдар ұсынылды. Іс-шара барысында театрдың жетекші актерлері спектакльдерден үзінділер ұсынды. Рәсімге театрдың көркемдік жетекшісі Юлия Викторовна Семенова қатысты. Ол қуыршақ театрының қаланың мәдени өміріндегі маңызы, қала тұрғындарының өз театрына деген сүйіспеншілігі, актерлердің таланты мен шеберлігі және болашаққа арналған бірлескен жоспарлары туралы айтып берді. 

Кітапханаға келушілер бір ай бойы өздері жақсы көретін ертегі кейіпкерлерімен қайта қауыша алады. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus