Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
15.12.2021

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Қазақстанның басты ұлттық мерекесі болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізу дамуын жалғастырып жатқан және жақын арада аяқтала қоймайтын көптеген үдерістерге жол ашты. Мемлекетімізді әлемдік қоғамдастық толық мойындады деуге әбден болады.

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара барысында Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі ел өмірінің негізгі кезеңдері туралы айтылды, «Независимость в сердце», «Тәуелсіздіктің құрдастары» бейнероликтері көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді көрсететін шара аттас кітап көрмесіне шолу жасалды.

#Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus