Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қостанай өнеркәсібінің алыптары»
20.12.2021

Құрметті оқырмандар!

 Л. Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мәуіті-шұға комбинаты мен химиялық талшық зауытының даму тарихына арналған «Қостанай өнеркәсібінің алыптары» баспасөз клиппингін дайындады.

КСРО кезіндегі Қостанай мәуіті-шұға комбинаты мен химиялық талшық зауыты тек Қостанай облысының ғана емес, Кеңес елі деп аталған көп ұлтты еліміздің де мақтанышы болды. Бұрынғы КСРО кеңістігіндегі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар қайта құрудан аман қалған жоқ. Жоғарыда аталған кәсіпорындар да бұндай аянышты жағдайдан құтыла алмады. Олардың жойылып кетуіне не себеп болды? Бұл туралы екі пікір жоқ: 1990 жылдардың басындағы шок терапиясы және жекешелендіру. Сонымен бірге инфляция, тарифтер тез өсті, несиелер қымбаттады және көптеген кәсіпорындар өздеріне қажетті құрамдас бөлшектер мен шикізаттар алып келген посткеңестік елдермен байланыс үзілді. Ақшаның жетіспеушілігі пайда болды. Тізбекті реакция басталды: бір кәсіпорындағы өндірістің дұрыс жүрмеуі немесе мүлдем тоқтауы басқалардың жағдайын нашарлатты. Содан кейін көп ұзамай банкроттық та жетті. 1997 жылы химиялық талшық зауыты банкротқа ұшырады, ал екі жылдан кейін мәуіті-шұға комбинаты да зауыттың кебін киді. Бүгінгі таңда ғимараттардың негізгі бөлігі ескірген және ешқандай сын көтермейтін жағдайда тұр.

Баспасөз клиппингінің материалы кітапхананың

https://cloud.mail.ru/public/ugGQ/484Bfn3vKсайтына орналастырылған.


 

 

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus