Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тату тұру – тектіліктің белгісі»
23.02.2022
2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңа мереке – Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің жарлығымен белгіленген Алғыс айту күні пайда болды. Оны жыл сайынғы ресми мерекелеу күні – 1 наурыз. Алғыс айту күнін атап өте отырып Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған қоныс аударушыларды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде танылады.

23 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қызметкерлері өз оқырмандарын «Тату тұру – тектіліктің белгісі» атты әңгіме сағатына шақырды. 

Бағдарлама қонақтары – Қазақ соқырлар қоғамының белсенділері мен Облыстық мүгедектерді оңалту орталығының пациенттері мерекенің тарихын тыңдады, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, бейнеролик көрді.

Кездесуге «Раздолица» ансамблінің көркемдік жетекшісі Светлана Обухова және танымал әнші Наталья Пикулева келді. Олардың орындауында орыс халық әндері шырқалды.
 
Бағдарлама барысында қонақтарды көркемөнерпаздар әртістері Гүлғайша Исмадиярова, Марина Нехаева, Александра мен Күлпаш Карпенконың орындауындағы музыкалық нөмірлер қуантты.

Іс-шара соңында дәстүр бойынша барлығы ұжымдық фотосуретке шақырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus