Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз айы түғанда»
14.03.2022

14 наурызда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз айы туғанда» атты музыкалық-танымдық кеш өткізді.

Наурыздың ортасында ежелгі дәстүр бойынша күн мен түннің теңелу мейрамының алдында «Көрісу» өтеді, бұл «жүздесу» немесе «кездесу» дегенді білдіреді. Іс-шара қонақтары осы бір жақсы және ежелгі дәстүрмен танысты.

Кештің құрметті және сыйлы қонақтары болған А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ доценті Қ. М. Мырзағалиева, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қиысхан Қыдырбек қатысушыларды көктем және молшылық мерекесімен құттықтады!

Тартымды, көркем безендірілген қызықты кітап көрмесі қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп қана қоймай, мерекелік көңіл күйді жеткізе білді. Ұлттық тағамдардан дәм татыру, дәстүрлі бата беру, киіз үйдің тұрмыстық заттармен әдемі безендірілуі көктем мерекесі мен бірлік ахуалын жеткізе алды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus