Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары
15.03.2022

 Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі Наурыз мейрамына арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты кітап көрмесін ұсынады.

Наурыз – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Ол бес мың жылдан астам уақыт бойы көктем мерекесі және табиғаттың жаңаруы ретінде аталып келеді. Бұл мереке қазақ халқының өмірінің көрінісі, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт-дәстүрлердің өзегі болып табылады.

Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қызықты әрі әсерлі баяндайтын қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар қойылған. Олардың ішінде «Қазақ салт-дәстүрлері», Бегмаганов Қ. «Халқы мықтының – салты мықты», Назарбекұлы С. «Қазақтың киіз үйі», «Семейные торжества» және т.б. кітаптар бар. К.Сегізбайұлының  «Казахская национальная кухня» кітабы Қазақстанның ұлттық тағамдарының алуан түрлілігін көрсетеді. Ұсынылған басылымдар Наурыз мерекесінің ұлттық нақышын паш етеді.

         Барлығыңызды көрмені көруге шақырамыз
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus