Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – береке, бірлік бастауы»
15.03.2022

15 наурызда Өлкетану әдебиеттері бөлімі көктемгі күн мен түннің теңесуі және табиғаттың жаңаруы күніне арналған «Наурыз – береке, бірлік бастауы» атты танымдық-музыкалық кеш өткізді.

Кеште кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда басылымдармен қатар қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бұйымдары ұсынылды. Наурызды қарсы алудың салт-дәстүрлері туралы «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қостанай облыстық аналар бірлестігінің мүшесі Сүндетбаева Гүлжамила Мұратқызы айтып берді. Намиялы Жасұлан жетекшілік ететін «Нұр-әуен» ансамблі музыкалық нөмірін (күй) тарту етті. Барлық қонақтар қазақтың ежелгі «Шашу», «Шолпы салу» дәстүрлеріне қатысты. Кеш ұлттық дәстүр – тілектер мен ниеттерден тұратын батамен аяқталды. Танымдық іс-шара барлық қатысушының жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың символы болып табылатын көктемгі мерекенің жақындап келе жатқанын толық сезінуіне мүмкіндік берді. 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus