Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ тілінің болашағы латын қарпінде»
30.03.2022

2022 жылдың 29 наурызында «Білім орталығында» Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы «Қазақ тілінің болашағы латын қарпінде» атты пікірлер тоғысын өткізді.  

Іс-шара барысында латын қарпіне көшудің маңыздылығы мен қажеттілігі талқыланды, қазақ жазуының тарихына қысқаша экскурсия жасалды, басқа елдердің мысалында латын қарпіндегі өзгерістерге талдау жасалды, латын қарпіндегі қазақ тілінің болашағын көруге көмектесті.  

         Кездесуде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ақпараттық талдау жұмысы бөлімінің басшысы К. Ә. Бимағанбетов, «Тіл дарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А. Ж. Нұрбекова, профессор,   А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ филология ғылымының докторы А. А. Әбсадықов, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі Ғ. С. Жүсіпова сөз сөйледі.

Қостанай қаласы колледждерінің оқытушылары мен студенттері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары пікірлерді талқылау процесіне белсенді қатысты.  

Кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдар қойылған «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты кітап көрмесі өтіп жатқан кездесудің тақырыбын ашуға көмектесті.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus