Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап – менің ең жақсы серігім және досым»
30.03.2022

30 наурызда әдеби қонақжайда балалар ақыны, жазушы және аудармашы Корней Иванович Чуковскийдің туғанына 140 жыл толуына арналған өлең оқушылар байқауы өтті. Шара басында «63» шығармашылық ұжымы Николай Гумилевтің «Жираф» өлеңіне музыкалық композиция орындады. Содан кейін облыстық жасөспірімдер үйінің педагогы Айгүл Құттыбаева сөз алды, ол Корней Чуковскийдің «Муха-Цокотуха» өлеңін оқыды.

Барлығы 10-нан астам қатысушы тілек білдірді: олар негізінен қаланың театр студияларының өкілдері, ЧелМУ студенттері, «Крылья» жастар әдеби студиясының қатысушылары болды. Қатысушылар құзыретті қазылар алқасының: Валерий Захарьев – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, режиссер, актер; Татьяна Захарченко – облыстық орыс драма театрының актері; Евгений Демидович – белгілі қостанайлық ақын; Анастасия Серикова – актер, режиссер, балалар театр студиясы жетекшісінің қарауына классиктердің шығармаларын, тіпті өздері шығарған өлеңдерін ұсынды.

Барлық өлең оқушылар жақсы дайындықпен келді, өлең оқулар бір-біріне мүлдем ұқсамады. Орындар келесідей ретпен бөлінді: 3-ші орын – Яна Миронова, 2-ші орын – Анна Жук, 1-ші орын – Анжелика Педан.

Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus