Құрметті
оқырмандар! Абонементтер бөлімінде жыл сайын 7 сәуірде атап өтілетін
Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Спорт – өмір салты» кітап көрмесі жұмыс
істей бастады.
Денсаулық адамның ешқандай талас тудырмайтын құндылығы
және ең қымбат байлығы болып табылады. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және
жаман әдеттердің болмауы адамға қашанда жас және сергек болуға мүмкіндік
береді. Дене шынықтыру мен спорт сергектік пен сенімділік береді, иммунитетті
нығайтады және сол арқылы адамды түрлі аурулардан қорғайды.
Көрмеге
ағзаны нығайтуға ықпал ететін салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт
туралы кітаптар қойылған: Т. Ботагариев «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен
әдістемесі», Е. Яремчук «Бег для всех», М. Шифферс «Йога здоровое долголетие
или как оставаться молодым и бодрым». Дәмді тамақтануды ұнататындар және
сонымен бірге сымбатын сақтағысы келетіндер үшін П. Дюканның «350 рецептов
диеты Дюкан», Х. Бауэрдің «Настольная книга для тех, у кого нет времени
соблюдать диету», А. Диченсковтың «Травяные коктейли» кітаптарын ұсынамыз.
Емдік өсімдіктерді өсіру және олардан үйде дәрі-дәрмектер жасау жолдары туралы
ақпарат алуға болатын Н. И. Даниковтың «Целебные комнатные растения», С.
Зайцевтің «Травник» кітаптары да қызықты.
Барлығыңызды
көрмені көруге шақырамыз. |