Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дәуірдің жарық жұлдызы»
04.04.2022

Құрметті оқырмандар! 2022 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы болып мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформашы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдебиеттану шығармашылығы жарияланды.

 Абонементтер бөлімінде ақынның 6 томдық «Шығармалары», көркем әдебиет, тіл білімі бойынша әдебиеттер, энциклопедиялар, анықтамалықтар және ағартушы-ғалымның шығармашылығы туралы басылымдар қойылған «Дәуірдің жарық жұлдызы» кітап көрмесі жалғасуда.

 «Алаш қозғалысы», «Алаш жолы», «Ұлт рухы», «Алаштың аманаты», «Алаштың тілдік мұрасы» кітаптарында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының қызметі көрсетілген.

Ө. Әбдіманұлының «Ахмет Байтұрсынұлы» басылымынан ғалымның шығармашылығына жасалған талдаумен және оның шығармашылық қызметімен таныса аласыздар. Көрмеде ұлт ұстазының қазақ тілі бойынша мақалалары, поэтикалық мұрасы және мұрағаттық құжаттары кірген «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» кітабы ұсынылған.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus