Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан халқының айбыны, рухы және қуаты»
04.04.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл толуына арналған «Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан  халқының айбыны, рухы және қуаты» атты кітап көрмесінің жұмысын жалғастыруда.

Мемлекеттік рәміздерді таңдау үшін Жоғарғы Кеңестің Төралқасы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындағаны белгілі. Оның құрамына тарихшы ғалымдар, құқықтанушылар және басқа да белгілі қайраткерлер кірді. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша жарияланған байқаудың қорытындысы бойынша 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны қабылданды.

Көрмеде оқырмандар назарына еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы, олардың маңызы туралы әңгімелейтін, қызықты оқиғалар мен деректер жайында баяндайтын кітаптар, көрнекті альбомдар, мерзімді басылымдар ұсынылған.

Олардың ішінде Е. Шаймерденнің «Елтаным», «Государственные символы Республики Казахстан», С. Трофимовтың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Біздің Отанымыз – Қазақстан! Мемлекеттіліктің рәміздері» және т. б. басылымдары бар.

Көрме жыл бойы жұмыс істейді. Барлығыңызды көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus