Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»
05.04.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде жыл басынан бері ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты үлкен көрме жұмыс істеп тұр.

Көрме осы бір бірегей тұлғаның түрлі қырларын ашатын өзара байланысты төрт бөлімнен тұрады. Ахмет Байтұрсынұлының көп қырлы таланты оның поэзия, публицистика саласында, ғылыми және қоғамдық жұмыста бір мезгілде еңбек етуіне мүмкіндік берді. Ол көрнекті ғалым, көптеген оқулықтардың авторы, аудармашы, этнограф қана емес, сонымен қатар тағылымы мол тамаша өлеңдердің, очерктердің, эсселердің авторы болып табылады. Оның ғылыми-педагогикалық еңбектері нәтижесінде қазақ әліпбиі мен фонетикасының, қазақ тілінің синтаксисі мен этимологиясының, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы қалыптасты. Ахмет Байтұрсынұлы – шын мәнінде Ұлт ұстазы атауына лайық тұлға.

Көрменің барлық бөлімдері уақытылы жаңартылып, толықтырылады. Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры мен шығармашылығының көптеген аспектілері осындай көлемде алғаш рет жария етілді.

Көрме кітапхана оқырмандары: оқытушылар, студенттер, тарихшы-ахметтанушылар және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне қызығушылық танытатындардың барлығының арасында үлкен танымалдылыққа ие.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus