Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Замана заңғары – Мұхтар Әуезов»
08.04.2022

Әмбебап оқу залы көрнекті қазақ жазушысы, ғалым-академик, филология ғылымдарының докторы, профессор және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Замана заңғары – Мұхтар Әуезов» атты кітап көрмесін дайындады. Көрмеге ұлттық прозада, драматургияда, театр мен кинода жарқын із қалдырған көрнекті жазушының сан қырлы қызметін кеңінен қамтитын әдебиеттер қойылды.

Көрмедегі М. Әуезовтің қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми еңбектері, монографиялары, мақалалары, баяндамалары мен хаттары енгізілген «Таңдамалы» кітабы ерекше қызығушылық тудырады.

«Көксерек» кітабы оқырмандардың назарына лайық, ол жазушының 100 жылдығына орай жарық көрді және жазушының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ең танымал әңгімелерінің бірін қамтиды.

Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін және жаңа материалдармен толықтырылып отыратын кітап көрмесіне шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus