Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Достық дастарқаны
26.04.2022

Құрметті оқырмандар! Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, өзара түсіністік және келісім мерекесі.

Абонементтер бөлімінде осы мерекеге орай «Достық дастарқаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақстанның этностары» және «Қазақстан – қарашаңырағым» басылымдарында Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері көркем көрсетілген. Еліміздің көп ұлтты екенін тағамдарымыздың алуан түрлілігінен де байқауға болады. Қазақстандағы кез келген үй шаруасындағы әйел керемет украин борщын пісіре алады, балбыратып ет немесе хош иісті өзбек палауын дайындай алады. С. М. Қожабергенованың «Кухни народов Казахстана», С. Қадырбектің «Казахская национальная кухня. Традиции казахского народа» және Т. В. Барабанованың «Қазақстан. Өзбек халқының мемлекет тарихындағы рөлі» кітаптарында ұлттық тағамдардың алуан түрі ұсынылған.

Барлық тілек білдірушілерді 2022 ж. 25.04. және 06.05.  аралығында өтетін көрмеге шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus