Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Лоскутников оқулары
27.04.2022

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК жиналыс залында «Әдеби Қостанай» Лоскутников өлкетану оқулары аясында танымал қостанайлық ақын, прозашы және аудармашы Владимир Александрович Лоскутниковты еске алу кеші, сондай-ақ оның әңгімесі бойынша Петербургтік режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В. А. Захарьев түсірген «Сквозь прозу» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Әдеби-ақпараттық сектордың меңгерушісі, ақын, прозашы А. В. Олексюк, фильм режиссері В. А. Захарьев, ақын және педагог А. И. Суслова, А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Ю. Я. Бондаренко өз естеліктерімен және ойларымен бөлісті. Фильмді көргеннен кейін көрермендер өз әсерлерімен бөлісіп, фильмнің Қостанай авторының шығармасы бойынша түсірілгенін және кадрда қала мен облыстың танымал орындарының үнемі көрініп отыратынын атап өтісті. Жергілікті авторлардың шығармашылығын дәріптеуге, өлкетану жұмыстарын жандандыруға және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететіндіктен, Лоскутников өлкетану оқуларын өткізуді жалғастыруға тілек білдірілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus