2022 ж. 27.04. Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат
тұжырымдамасы аясында Абонементтер бөлімі «Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі»
атты ашық сұхбат өткізді.
Қазіргі қоғамда
әйелдердің саясаттағы, бизнестегі, мансаптағы және өмірдің басқа салаларындағы
құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен мән берілуде. Гендерлік теңдік әйелдердің мансаптық өсуіне, қоғамның
алдына шығуына және отбасы институтын нығайтуға мүмкіндік береді. Қоғамдағы әйелдер саяси үдерістердің толыққанды қатысушыларына айналды,
сайлану құқығына ие болды. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері – Қостанай облысы әкімдігінің әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Көшкімбаева Зора
Сексенбайқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби медиатор, Қазақстанның
іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Қадыралинова Марияш Тілеуқабылқызы және қоғам қайраткерлері қатысқан ашық сұхбат барысында
аталған мәселелер қарастырылды.
Өз сөзінде Зора Сексенбайқызы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының
жұмысы, оның құрылуы, жоспарлары мен жетістіктері туралы айтып берді. Олар
жұмыс істейтін «Алтын жүрек», «Жастар қанаты» бағдарламаларымен және бағыттарымен
бөлісті. Өзі туралы айта отырып алдына мақсат қойған әйелдің қандай
жетістіктерге жете алатынын өз ісімен дәлелдеп берді.
Марияш Тілеуқабылқызының сөз сөйлеуі ақпаратқа толы және танымдығы мол
болды. Ол әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі және олардың қызметтің барлық
саласындағы елеулі үлесі туралы айтып берді. Студенттер қойған сұрақтарына
білікті жауап алды, «Қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі» атты кітап көрмесімен
танысты. Ал өткізілген іс-шарадан кейін бірнеше студент кітапханаға жазылды. |