Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сұлулықпен сырласу»
06.05.2022

Кітапхананың бірінші қабатында қостанайлық белгілі суретші, бейнелеу өнерінің шебері Николай Васильевич Торшиннің «Сұлулықпен сырласу» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеге суретшінің жылдың әр уақытында туған жерінің көрінісін бейнелеген 30-дан астам жұмысы қойылды, сонымен қатар келушілердің назарына қағаз және қарындаш техникасымен орындалған нобайлар, суреттер, эскиздер ұсынылған.

Николай Васильевичтің шығармашылығындағы бояулар суретшінің сезімімен және жан дүниесімен тамаша үйлесім тауып, қарағанның көзі тоймайтын тамаша туындылардың дүниеге келуіне себепші болып жатады. Ол Қостанай жерінде туып-өскен, сондықтан да оның шығармашылығының басты тақырыбы – туған өлкенің тарихы, оның табиғаты мен тамаша адамдары. Ол туған жердің жыршысы деген атауға әбден лайық.

Н. В. Торшинді құттықтауға қонақтар, Суретшілер одағының мүшелері болып табылатын әріптестері В. Быков, А. Захарченко, В. С. Шалунова келді. Сондай-ақ шараға қостанайлық белгілі суретшілер О. Кусков, С. Луговой, Н. Барабанов, Облыстық сурет галереясының меңгерушісі С. Н. Калинова, қоғам қайраткері, журналист А. С. Денисов және БАҚ өкілдері қатысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus