Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«В небе «ночные ведьмы» (к 100-летию со дня рождения Хиуаз Доспановой)
06.05.2022

Әмбебап оқу залы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Түн жамылған "түнгі мыстандар"» атты жедел көрме дайындады.

Өзінің жауынгерлік тапсырмасын орындау барысында штурман-атқыш Хиуаз Доспанова 300 рет көкке көтерілді. Ол Кубан, Новороссийск, Қырым, Беларусь, Польшаны азат етуге белсенді қатысты. Қорқуды білмеген ұшқыш екі рет ауыр жарақат алды. Жарасы жазылысымен ол қайтадан майданға оралып отырды және жеңісті Берлиннің қасында қарсы алды.

Көрмедегі Хиуаз Доспанованың «Под командованием Расковой» кітабы, әскери ұшқыштың естеліктері ерекше қызығушылық тудырады.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қанапия Ғабдоллаұлы Ахметов алғаш рет 2001 жылы «Простор» журналында жарияланған «Фронтовое и мирное небо Хиуаз Доспановой» атты деректі повесін жазды. Автор Хиуаз Доспановамен таныс болған және аталған повест ұшқыштың соғыс туралы естеліктеріне сүйене отырып жазылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=u_2RVnQY34o

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus