Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
01.06.2022

Балалық шақ – бұл адамның дамуындағы маңызды кезең, өйткені дәл осы кезеңде салауатты, жақсы және бақытты өмірдің негіздері қаланды. Алайда кейде біз қатыгездіктің, әлімжеттіліктің және зорлық-зомбылықтың куәсі болып жатамыз. Қазақстанда 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланды. «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде Абонементтер бөлімінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты көрме-қарау ұйымдастырылды, онда балалар еңбегін жою мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-құқықтық әдебиеттер қойылды.  

Зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселелері жайындағы, бала құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы заңдар, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың не әкелетіні жайындағы әдебиеттер оқырмандардың назарын аударады. Оқырмандар «Правовой статус несовершеннолетних», «Права ребенка», «Конвенцией о правах ребенка», Законом РК «О правах ребенка в Республике Казахстан» секілді нормативтік-құқықтық актілер жинақтарымен және т. б. таныса алады. Көрмеде сондай-ақ отбасылық қатынастар психологиясы бойынша Ф. Бизақовтың, Ш. Мамашбаевтың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», Х. Райнпрехттің  «Воспитание без огорчений» кітаптары және т. б. басылымдар қойылған. Оқырмандар отбасылық құндылықтарды сипаттайтын және насихаттайтын көркем шығармалармен: А. Кронинның «Замок Броуди», Г. Малоның  «Без семьи» кітаптарымен және басқа да көптеген басылымдармен таныса алады.

Көрме 2022 жылдың 1 маусымынан бастап жыл соңына дейін жұмыс істейді.

 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus