Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысы жас кітапханашыларының ІІІ жиыны
07.06.2022

2022 жылдың 7 маусымында Л.Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Қостанай облысы жас кітапханашыларының III жиыны өтті. «Қостанай облысы жас кітапханашыларының жиыны» жобасы Л. Н. Толстой ҚОӘҒК 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның мақсаты – жас кітапханашылардың кәсіби және шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Жиынды өткізудің жалпы мақсаты – жемісті қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін, жаңа идеялар іздеу және жетістікке ынталандыру үшін 18-35 жас аралығындағы жастардың басын қосу.

Жиынға барлығы 45 адам қатысты, оның ішінде 22 қатысушы аудандық ОКЖ өкілдері болса, 2 жас кітапханашы қалалық ОКЖ өкілдері болды, 2 кітапханашы Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК атынан, 1 кітапханашы Арқалық қ. № 2 ОӘҒК атынан қатысты, қалған 17 жас маман Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қызметкерлері болды.

Іс-шараны өткізу барысында пікірталастар өткізу, шақырылған спикерлердің дәрістерін тыңдау, қатысушылардың қысқаша баяндамаларын тыңдап, олардың идеяларының тұсаукесерлерімен танысу, тренингтер мен практикумдар, бейресми сұхбаттар ұйымдастыру, мәдениет саласының мекемелеріне бару қарастырылды.

Үшінші Жиын аясында QR-коды бар «кітап үлгілерін» жасау технологиясы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді, семинарға қатысушылар облыстың әр түпкірінен жиналған жас әріптестерінің жұртшылықты кітап оқуға тарту бойынша қандай жобалармен жұмыс істеп жатқанын білді.

БАҚ үшін жазбаша мәтінді сауатты және дұрыс құрастыруға, сұхбат жүргізе білуге және сахнада өздерін қалай ұстау керектігіне, кітапханалардың ҮЕҰ-мен тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қонақтарының арасында «Наш Костанай» газетінің тілшісі Татьяна Назарук, жүргізуші және журналист, Қостанай облысы жастарының алтын кітабының журналистика номинациясының лауреаты Евгений Сотников, Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков болды.

Жиынның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus