Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мен білемін сөз жасаудың қиындығын»
13.06.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға белгілі ақын, публицист және аудармашы, танымал ән мәтіндерінің авторы Роберт Рождественскийдің туғанына 90 жыл толуына арналған «Мен білемін сөз жасаудың қиындығын» атты кітап көрмесін ұсынады.

Алпысыншы жылдардағы ақындардың жарқын өкілдерінің бірінің өлеңдері қоршаған ортаға деген мейірімділік пен шынайы сүйіспеншілікке толы. Олардан поэтикалық тілдің ерекше күші айқын аңғарылады. Рождественский мағынасы терең, даналыққа толы және философиялық шығармаларды дүниеге әкелді, олардың тақырыптары ешкімді бейжай қалдырмайды және біздің заманымызда да өзекті болып қалып отыр. Бұл жастар мен жетілу мәселесі, өзін жұртқа таныстудың жолдары мен мүмкіндіктері, қоғамнан өз орнын табу және өмірдің мәнін іздеу мәселелері.

Бұл көрмеде Роберт Рождественскийдің өлеңдері мен поэмаларының жинақтары, оның естеліктері, сондай-ақ ХХ ғасырдың ең үздік лирикалық ақындарының шығармашылығына арналған әдеби материалдар ұсынылған.

Барлық тілек білдірушілерді 2022 жылдың 13–27 маусымы аралығында өтетін көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus