Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жарқын өмірді қалаған жан»
21.06.2022

20 маусымда Әмбебап оқу залы «Дуслык» татар-башқұрт ЭМО бірінші төрағасы З. Г. Мухсинованың туғанына 80 жыл толуына арналған «Жарқын өмірді қалаған жан» атты еске алу кешін өткізді.

Закия Гарифовнаны еске алуға татар-башқұрт ЭМО өкілдері, қала жұртшылығы, жұмыста, бос уақыттарда және өмірде осы бір мейірімді, шығармашыл, риясыз, жомарт жанның жанында болған, ештеңеге мойымайтын және жанындағылардың бәріне сенім ұялататын адаммен байланыста болған кісілер келді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты В. Г. Вишниченко, Қостанай облыстық «Дуслык» татар ЭМО төрағасы Р. В. Биктимиров З. Г. Мухсинова туралы жарқын естеліктерімен бөлісті.

Закия Гарифовнаның жетекшілігімен жүргізілген көп жылдық мәдени жұмыстар туралы, сол кездегі ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, татар және башқұрт халықтарының тарихын, мәдениетін, өнерін, тілін жандандыру туралы татар-башқұрт ЭМО ақсақалдар кеңесінің ардагері В. А. Бондаренко айтып берді.

Сөз сөйлеушілер іс-шаралар кезінде тәжірибенің қалай берілгенін, жастардың білімдері мен біліктіліктері қалай жетілдірілгенін естеріне алысты.

Еске алу кешінде өз халқы үшін қуаныш пен мақтаныш әкелетін сүйікті ұлттық музыка да ұмыт болған жоқ.

«Адам ізгі істер үшін дүниеге келеді» атты кітап-пәндік көрмесінде З.Г. Мухсинова туралы мақалалар мен кітаптар, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан татар халқының ұлттық заттарының этнографиялық коллекциясы ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Дуслык» ЭМО төрағасы З. Махмутов «История татар Костаная и Костанайской области» кітабын кітапханаға салтанатты түрде табыс етті.

Еске алу кеші татар және башқұрт халқының ұлттық тағамдарымен шай ішумен аяқталды.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus