Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Нұр-Сұлтан: даладағы ғажайып»
27.06.2022

Құрметті оқырмандар! 2022 жылдың 27 маусымынан бастап Абонементтер бөлімінде «Нұр-Сұлтан: даладағы ғажайып» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрме ең маңызды мерекелердің бірі – еліміз 6-шілдеде атап өтетін Астана күніне орайластырылған.

Көрмеге еліміздің бас қаласының тарихы жайында баяндайтын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі басылымдар қойылған. Басылымдардың басым бөлігі астананың көрнекті жерлеріне арналған. Көрмеде сондай-ақ астананың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы жайындағы, елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы туралы әдебиеттер ұсынылған. З. Е. Кабульдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» және «История Астаны» кітаптары, Ш. Шахайдың «Астана-Сердце моё» кітабы және т. б. басылымдар тәуелсіз Қазақстан астанасының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы әңгімелейді. Нұр-Сұлтан жаңа Қазақстанның мақтанышына, елдің ұлттық идеясының бекітілуінің және бірігуінің символына айналды.

Барлығыңызды 2022 ж. 27.06. және 13.07. аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus