Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Би еркесі, би падишасы, би құдіреті»
18.08.2022

Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға актриса Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына арналған «Би еркесі, би падишасы, би құдіреті» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

Шара Жиенқұлова ҚазКСР Халық әртісі, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Совет бишісі, педагог. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқып, кейін қазақ драма театрында жұмыс істеді. Бірінші рөлі – Б. Майлиннің «Майдан», «Шайқас» пьесасындағы Пүліш, Еңлік, Қарагөз және т. б. рөлдерді сомдаған.

Музыкалық-драма театрында, қазіргі қазақ опера және балет театрында жұмыс істеді. Мұнда Әуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалық драмасында, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында халық билерін орындады. Жиенқұлова қазақтың тұңғыш ұлттық «Қалқаман – Мамыр» балетінде Мамыр партиясын биледі. «Амангелді» кинофильмінде Балым рөлін сомдады. Балетмейстер Л. А. Жуковпен бірге и. Н. Надировтың «Көктем» балетін сахналады.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=-MofT8OUi1Q

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus