Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Президент жолдауындағы жаңалықтар»
20.09.2022

Әмбебап оқу залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына арналған «Президент жолдауындағы жаңалықтар» атты кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда.

Көрмеге Жолдаудың «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында және «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналында орыс және қазақ тілдерінде жарияланған мәтіні қойылған. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті мен «Казахстанская правда» жалпы ұлттық газетінің мақалалары ерекше қызығушылық тудырады. Өзінің мазмұны бойынша Президенттің халыққа Жолдауы жаңа әділетті Қазақстанды құрудың ауқымды үдерісі жолындағы маңызды қадам болып табылады. Жолдауда мемлекет пен қоғамның барлық негізгі салаларының жұмысын қайта қарау секілді маңызды міндет қойылған.

Көрме өз жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін жалғастырады.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus