Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Күміс ғасырдың көсемі»
28.09.2022

Әмбебап оқу залы оқырмандар назарына Лев Гумилевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Күміс ғасырдың көсемі» атты кітап көрмесін ұсынады.

Лев Николаевич Гумилев – ғалым, жазушы, аудармашы, археолог, шығыстанушы және географ, тарихшы, этнолог, философ. Этногенездің пассионарлық теориясын жасаушы. Гумилевтің ғылымға қосқан ерекше үлесі көшпенділер тарихын дәріптеуі болып табылады. Тарихи зерттеулерде Л. Н. Гумилев еуразияшылдыққа жақын идеяларды ұстанды. Гумилевтің ғылыми мұрасына 12 монография және 200-ден астам мақала кіреді. Көрмеге Л. Н.Гумилевтің еңбектері мен ол туралы материалдар қойылған.

Л. Н. Гумилевтің «Тысячелетие вокруг Каспия» кітабы 1500 жыл ішіндегі Еуразия кеңістігін этнологиялық зерттеуге арналған. Еңбекте түркі этносының тарихы және онымен байланысты мәдениет, оның басқа этностармен байланысы үлкен орын алады. Гумилевтің «Чтобы свеча не погасла» жинағына эссе, сұхбат, өлеңдер, аудармалар енген. Кітаптың соңғы бөлімдері ғалымның поэтикалық мұрасына арналған: оның ішінде өлеңдер, өлеңмен жазылған пьесалар, парсы және басқа шығыс тілдерінен аудармалар бар. Л. Н. Гумилевтің «Древние тюрки» еңбегі ежелгі түркілердің билігі – Ұлы Түрік қағанаты пайда болып, гүлдеген кездегі дүние жүзінің тарихына арналған. Кітап әсерлі бейнелеу тәсілімен оқиғаға егжей-тегжейлі талдау жасайды. Көрмеде ұсынылған осы және басқа да кітаптар оқытушыларға, студенттерге және көпшілік оқырмандарға пайдалы болуы мүмкін.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus