Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сырбайдың сырлы әлемі»
28.09.2022

27 қыркүйек күні Балалар жылы аясында Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК-нда көрнекті қазақ ақыны және жазушы, Қазақ КСР халық жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кеш өткізді. Оның шығармалары әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ, оның мұрасы жас ұрпақ үшін адамгершіліктің және көркем сөздің жоғары үлгісі болып қала бермек.

Кешке Қостанай қ. С.Мәуленов ат. гимназияның, Рудный қ. және Қостанай ауданы мектептерінің, «Білім-Инновация» КММ лицей-интернатының, «"Озат" ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Ы. Алтынсарин ат. мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ оқушылары қатысты. Сондай-ақ облыстың С.Мәуленов атындағы бірқатар мектептері, Астана қ. мен Қостанай облысының Жангелдин ауданының мектептері іс-шараға онлайн қосылды.

Кешті қостанайлық белгілі ақын Серікбай Оспанов ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Әр мектептің оқушылары Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығының түрлі кезеңіне арналған баяндамалар мен хабарламалар жасады, сондай-ақ оның өлеңдерін оқыды. Одан кейін жүргізушілер сөзді «КН» радиосының дикторы Жанар Сейтбаталқызы Қасымоваға берді.

Кештің қатысушылары үшін ақынның ұлы – Ш. Уәлиханов ат. сыйлықтың лауреаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, Алматы қ. тұратын Қасым Сырбайұлы Мәуленовпен онлайн жүздесу үлкен оқиға болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus