Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жыр әлемінің бәйтерегі»
22.10.2022
21 қазанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Қазақ әдебиеті апталығы аясында халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А. А. Фадеев атындағы күміс медальдің иегері, Қостанай қ. құрметті азаматы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Жыр әлемінің бәйтерегі» атты шығармашылық кеш өтті.
Оның есімі Қазақстанда да, біздің елден тыс жерлерде де жақсы танымал, майдангер ақынның өлеңдері сұранысқа ие және оқырмандардың оған деген сүйіспеншілігі ортайған емес. Ол әдебиетшілер қауымы мен оқырмандардың жоғары бағасын алған қырықтан астам өлеңдер жинағының, бірқатар публицистикалық кітаптардың, аудармалардың авторы болып табылады.
Кешке қатысқандардың ішінде ақынның ұлы Қасым Мәуленов, Сырбай Мәуленовпен хат алмасып тұрған досжар адамы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, ақын, публицист Серікбай Оспанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург, педагог Ақылбек Шаяхмет сөз алды. 
Қатысушылар Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы туралы бұрын белгісіз болып келген жәйттер туралы мәліметтер алды, оның поэзия әлеміне сапар шекті, өзінің мәдени көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus