Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мереке қарсаңында
22.10.2022

Республика күні және Кітапханашы күнінің алғашқы кәсіби мерекесі қарсаңында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК мерекелік концерт және кітапхана қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Шара барысында «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Өлкетану әдебиеті бөлімінің бас әкімшісі Борисенко Раиса Ивановна, Абонементтер бөлімінің кітапханашысы Салибаева Алия Калмуратовна, Толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің сектор меңгерушісі Оспанова Күлзинат Тұрсыналиевна, Негізгі қорды сақтау бөлімінің сектор меңгерушісі Ляшенко Татьяна Ивановна марапатталды.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Сейіл Жұлдызай Есенбекқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталды.

Мәдени-ақпараттық кеңістікті қалыптастырғаны және бөлімнің әрбір қызметкерінің Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кітапхана ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін кітапхананың барлық бөлімі «Л.Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ алғыс хатын иеленді.

Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз және сіздерге шығармашылық табыс тілейміз, кәсіби жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus