Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстан: жасампаздық жылдары»
15.12.2022

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған  «Қазақстан: жасампаздық жылдары» - «Казахстан: годы созидания» атты безендірілмелі кітап көрмесі ашылды. Үш бөлімнен тұратын көрме кітаптарды, фотоальбомдарды, электрондық ресурстарды қамтиды.

Көрмесінің «Тәуелсіздік жолында» деп аталатын бөлімінде мемлекеттілікті дамытудың маңызды кезеңдерін көрсететін, оның ішінде 1986 жылғы желтоқсанда орын алған Қазақстандағы қайғылы оқиғалар туралы, қазақ халқының демократиялық бостандығына қол жеткізген «Алаш» қозғалысының қызметі туралы кітаптар, Отанымыздың бас қаласы Астана туралы кітаптар, оның қалыптасу және даму тарихын бейнелейтін басылымдар ұсынылған.

«Әлем таныған Қазақстан» деп аталатын келесі бөлім қоғамды демократияландыру және елді саяси жаңғырту, Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдарға кіруі, ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қатысуы жайындағы кітаптарды ұсынады.

«Менің Қазақстаным» бөлімі қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы баяндайды. Мұнда сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы жайындағы әдебиеттер қойылған.

Кітап көрмесі 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus