Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
06.01.2023

Балалар – азаматтық қоғамның ең қорғансыз санаты, олар ерекше қорғауды және оларға қатысты қатыгездіктің барлық түрлерін жоюды талап етеді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық баланың психикалық дамуына теріс әсер етеді, оның әлеуметтенуін бұзады, қараусыздық пен кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын тудырады. Әр бала сүйіспеншілікке, қамқорлық пен құрметке лайық.

1 қаңтардан бастап Абонементтер бөлімі кітапхана фойесінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты көрме-ақпарат безендірді.  

Көрмеде оқырмандар осы мәселеге қатысты заңнамамен: «Бала құқықтары туралы конвенция» –  жоғары халықаралық стандарттың құқықтық құжатымен,  «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңымен, «Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі» нормативтік құқықтық актілер жинағымен және т.б. таныса алады. Көрмеде балаларды зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеу бойынша                          Ф. Бизақов, Ш. Мамашбаевтың «Отбасылық дағдарыс психологиясы»,                       Х. Райнпрехттің  «Воспитание без огорчений», М. Куртышевтің «Как сохранить психологическое здоровье детей» ұсыныс кітаптары және т.б. басылымдар ұсынылған. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын сипаттайтын көркем шығармалар: Г. Мало  «Без семьи», П.Санаев «Похороните меня за плинтусом», Д. Гринвуд «Өгей бала» және т.б. басылымдар да оқырмандарды бейжай қалдырмасы анық.

Көрме 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап маусым айының соңына дейін жұмыс істейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus