Абонементтер
бөлімі жыл бойы жұмыс істейтін «Ұстаным – саламатты өмір салты» көрме-үндеуін
ұсынады. Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес басты
байлығы.
Көрмені А.
Черепанов-Альперовичтің «Здоровое поколение – здоровая нация», М. Норбековтың
«Главные правила здоровой жизни», У. Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда», Р.
Оразалиевтің «Жасару құпиясы» кітаптары ашады. Оларда авторлар денсаулықты
қалпына келтіруге және сақтауға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді көрсетеді,
бұл бірқатар аурулардан арылуға, адамның өзіне деген көзқарасты өзгертуге
көмектеседі. «Апатқа апарат үш індет», Карра А. «Как
стать счастливым некурящим», Исаева Р. «Бросить курить раз и навсегда» басылымдары сөзсіз қызығушылық тудырады. Осы кітаптарды
оқып шыққаннан кейін адамдардың неліктен темекі шегуді бастайтынын, темекінің
ағзаға қалай әсер ететінін және темекіні тастаудың тиімді әдістері жайында
білуге болады. Е.
Савинаның«Я люблю его…», «Как бросить наркотики»,
Т. Отвагинаның «СТОП! Наркотик» кітаптарында аурудың пайда болу себептері мен оның таралуының әлеуметтік
алғышарттары ашылады, осы зұлымдық құрбандарының трагедиясы да, онымен
байланысты қоғам мәселелері де көрсетілген. АИТВ инфекциясының
таралу мәселесі қазіргі кезде де өткір қалпында қалып отыр. Аурудың ауыр
зардаптарын көрсететін және өзіңізді АИТВ-дан қалай қорғауға болатындығын
үйрететін «18 жастағы және одан да үлкен жігіттер үшін: сенің өмірің – сенің
тандауың», «Профилактика ВИЧ в школьных условиях», «Это мой выбор!» басылымдары
да өзекті дүниелер болып табылады.
Көрмеге
қойылған кітаптар денсаулықтың қадірін, оның баға жетпес құндылығын түсінуге
ықпал етеді. |