Гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін
кеңейту Қазақстан үшін басымдықтардың бірі болып қала береді. Қазақстан
Республикасының Үкіметі гендерлік теңдікті және әйелдер мен ерлердің қоғамға
және қоғамдық қызметке толыққанды қатысуын қамтамасыз ету және сақтау үшін
бәрін жасайды.
Құрметті
оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Мыңжылдық тақырыбы – гендерлік
теңдік» атты кітап көрмесін ұсынады.
М. Алиеваның«Не молчи: дневники горянки»,Г.
Артемьеваның «Зрелой женщине принадлежит мир. Как быть счастливой
в мире мужчин», Л.
Вершининаның «Я не хотела быть феминисткой: исповедь женщины,
которая стала счастливой»,С. Керімбайдың
«Өмірге ғашық болу», Ш. Күмісбаевтың «Қылмыскер
құтылмайды»кітаптары әйелдерге дәстүрлі гендерлік таптаурынды жеңу жолындағы
мінез-құлық стратегиялары мен тәжірибелерді үйренуге көмектеседі.
Феминизм және гендерлік теңдік тақырыптары көркем
әдебиетте де қарастырылды. Оқырмандар үшін келесі авторлардың кітаптары қызықты
болмақ: Башкирцева М. К. «Дневник Марии Башкирцевой»; Драйзер Т.
«Сестра Керри»; Митчелл М. «Унесенные ветром»; Мусрепов Г. «Улпан ее имя»;
Толстой Л. Н. «Анна Каренина».
Абонементтер
бөлімінде 2023 ж. 04.01. және 30.06. аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға
шақырамыз. |