Өлкетану
әдебиеттері бөлімі келген жылды Жәнібек Қошқарұлы Шақшақтың туғанына 330 жыл
толуына, Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына, Спандияр Көбеевтің
туғанына 145 жыл толуына арналған «Дархан даланың дара перзенттері» атты
көлемді кітап көрмесімен ашты. «Нағыз адамды заманы тудырады», – дейді ұлы Абай
және көрмее қойылған көрнекті тұлғалар бұған толық дәлел бола алады. Жәнібек
Қошқарұлы Шақшақты, Амангелді Имановты және Спандияр Көбеевті тек туған
өлкелері ғана емес, сонымен бірге өз халқының және өз Отанының болашағы
жолындағы жоғары адамгершілік пен риясыз ерлік те біріктіреді.
Шақшақ Жәнібек
– батыр, қолбасшы, кемеңгер саясаткер, мемлекет қайраткері. Таңғаларлық рух пен
жігердің, батылдық пен қайраттың иесі. Ол тарихта қорқу дегенді білмейтін нағыз
батыр ретінде қалды. Ол тек қазақ даласында ғана емес, одан тыс жерлерде де
танымал болды, оның ерлігі туралы аңыздар шығарылды.
Амангелді
Иманов – халық батыры, 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін
ұйымдастырушы, Кенесары Қасымовтың серігі және үзеңгілесі болған Иман батырдың
ұрпағы. Амангелді Иманов халықтың бақыты
жолындағы нағыз күрескердің үлгісі болып табылады.
Спандияр
Көбеев – қазақ кеңес жазушысы, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР еңбек
сіңірген мұғалімі, қазақ әдебиетіндегі алғашқы «Қалың мал» романының авторы.
Мектепте оқып жүріп-ақ ол ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің назарын өзіне
аударды, кейін Қазақстанның білімі мен педагогика ғылымын дамыту ісіне елеулі
үлес қосты.
Кітап көрмесі
жыл бойы жұмыс істейді. Онда ұсынылған фотосуреттер, мерзімді және кітап
басылымдары Қостанай жерінің көрнекті адамдарымен жақынырақ танысуға
көмектеседі. Біз өткенге көз жүгіртуіміз керек, өйткені өткенсіз бүгін жоқ, ал
бүгінгісіз болашақ жоқ. |