Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қаңтар айының мерейгер жазушысы: Проскурин Петр Ильич
23.01.2023

Проскурин Петр Лукич – жазушы және қоғам қайраткері. 1928 жылы Брянск облысының Севск ауданының Косицы к. дүниеге келген.   Жасөспірім кезінде фашистік шапқыншылықты басынан өткізді, отандастарының көптеген даңқты ерліктері мен елін құтқару және кейін нығайту жолындағы істеріне куә болды. Әскердегі қызметі аяқталғаннан кейін Проскурин Камчаткада ағаш кесуші, жүргізуші, балқытушы, ағаш ұстасы болып жұмыс істеді. Оның «Цена хлеба» деп аталатын алғашқы әңгімесі «Тихоокеанская звезда» газетінде жарық көрді. Проскуриннің шығармаларында орыс халқының тарихи жолындағы күрделі, жасампаз және қаһармандық жолы, оның қоғамдық құрылыстың жаңа жолдарын құруға деген ұмтылысы бейнеленген. Оның шығармашылығының басты тақырыбы 1941–45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, оның халықтың адамгершілік санасына әсері, отаншылдық пен рухани күштің нығаюы болды. Өмірінің соңғы онжылдығында Петр Лукич Проскурин өте көп жұмыс істеді. Оның қаламынан «Седьмая стража» және «Число зверя» романдары, «Азъ воздам, Господи» және «Мужчины белых ночей» повестерінің жинақтары, «Порог любви» өмірбаяндық романының екінші бөлімі және поэтикалық шығармалары жарық көрді. Олардың әрқайсысы көркем сөзді жүз құбылтып қолдана білетін хас шебердің туындысы болып табылады.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus