Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық кітап сыйлау күні
14.02.2023
 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл күннің пайда болуына АҚШ-тағы балалар кітабы сайтының негізін қалаушы америкалық Эмми Бродмурдың бастамасы себепші болды. Оған бірде Эммиден ұлдардың бірінің «неге жыл ішінде адамдар бір-біріне кітаптарды жәй ғана сыйға тартатын күн жоқ» деген сұрағы түрткі болды және соның арқасында дүниеге тамаша бір мереке келді. Бастапқыда өзінің байланыс арналары арқылы таныс блогерлерге, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестеріне және сайт серіктестеріне жүгінген Эмми 2012 жылы жыл сайын 14 ақпанда Кітап сыйлау күнін өткізу туралы бастама көтерді.
   Бүгін Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы № 27 мектептің 7-ші сынып оқушылары үшін Қостанай облысының жастар ресурстық орталығында кездесу өткізді. Бөлім қызметкерлері оқушыларға Кітап сыйлау күні туралы, бұл мерекенің қалай пайда болғаны және кітаптың ең жақсы сыйлық екендігі туралы айтып берді. Оқуға арналған кітаптарға шолу жасады. Оқушылар кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері оқушыларға және Жастар ресурстық орталығына кітаптарды сыйға тартты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus