Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
А. И. Сусловамен шығармашылық кездесу
01.03.2023

           1 наурызда Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Оқитын мектеп» жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «"ОЗАТ" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушыларының  педагог және ақын Александра Ильинична Сусловамен шығармашылық кездесуін өткізді.

Кездесуге қатысушылар Александра Ильиничнаның шығармашылығымен үлкен ықыласпен және қызығушылықпен танысты. Қарапайым, есте сақтауға оңай өлеңдер, жүрекке жылы тиер ертегілер, қызықты повестер мен әңгімелер балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, оларды мақсатқа қалай жетуге болатындығына, бір-біріне қалай көмектесу керектігіне үйретеді. Александра Ильиничнаның кітаптарындағы бояуы қанық, еріксіз назарыңды аударар ашық та түрлі түсті безендірулер өңірімізге танымал балалар суретшісі Нина Сергеевна Олексюкке тиесілі.

Оқушылармен болатын шығармашылық кездесулер – бұл тың тәжірибе, танысулар мен жаңалықтар, сондай-ақ  жарқын әсерлер мен ұмытылмас эмоциялар алу мүмкіндігі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus