Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
# 8 Марта
06.03.2023

Қазіргі Қазақстанда әйелдердің өздерінің қабілеттері мен біліктіктерін көрсету үшін кең мүмкіндіктер ашылуда. Бұл орайда Балапанова Қарлығаш Әлиханқызы табысты әйелдің жарқын үлгісі бола алады: Ол Солтүстік Қазақстанда депутат болған алғашқы көп балалы ана. 1992 жылы Қарлығаш Әлиханқызы Торғайда жеке бизнес ашқан алғашқы әйел болды. Жамбыл жеңіл өнеркәсіп институтын бітірген, тұқымында тігіншілік бар ол ұлттық киім, үй бұйымдары, атрибуттар тігумен айналысатын өзінің «Қарлығаш» атты кәсіпорнын құрды. Бір жылдан кейін кәсіпкерлік қабілеті бар тігіншіні көп балалы аналар атынан Амангелді аудандық мәслихатының депутаты етіп сайлайды. Бұл лауазымда ол басқа әйелдерге өз ісін ұйымдастыруға көмектесті. Көп ұзамай Қарлығаш Әлиханқызы отбасымен бірге Арқалыққа, содан кейін Затоболға қоныс аударды. Оның «Фарида» атты жаңа фирмасы өзіндік танымал таңбасы бар ою-өрнекті киіз үй жасаумен танымал болды. Кәсіпкер үшін «Қанаттанған әйел» атты екі көрмесі (1998 және 2005 жылдары), сондай-ақ Кельн қ. қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайына қатысуы есте қалған оқиға болды. Қарлығаш Әлиханқызы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітіріп, «бухгалтер-аудитор» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Аудандық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының тексеру комиссияларының төрағасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кеңесшісі, «Шаңырақ» ҚБ төрағасы болды. Ол Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығына құрылған сәттен бастап мүше болды.

2003 жылдан бастап Қостанай аудандық мәслихатының депутаты. Мұнда да Қарлығаш Әлиханқызы белсенді әйелдерге несие беру, бизнес-жоспар құру мәселелерін шешуге көмектеседі.

«Әйел мен саясат – үйлесімді ұғымдар. Шығыс әйелі үйде отырып, балаларды баққан заман келмеске кетті. Қазір басқа уақыт. Қазіргі уақыт өзін-өзі дамытуға, қолынан келгенін жүзеге асыруға, басқа адамдарға көмектесуге үлкен мүмкіндіктер береді»,-деп санайды Қарлығаш Әлиханқызы.

Қарлығаш Әлиханқызы үйінде жүргенде ұлы мен алты қызын тәрбиелеген қамқор ана. Оның күйеуі Серік жұбайын үнемі қолдап отырады. Оларды тағдыр Рудный қаласында кездестірді.

«Сол кеште домбырада керемет ойнап, тамаша әндер айтты. Ол тартқан барлық күйлер тек маған арналған сияқты болып көрінді»,-деп еске алады Қарлығаш Әлиханқызы.

Оның пікірінше, әйел үшін ең маңыздысы – бақытты, сүйікті болу және айналасындағыларды өзі де жақсы көре білуі керек. Қарлығаш Әлиханқызы өмір бойы «Ешқашан мойымау керек. Алға, тек қана алға жүру керек!» деген ұранмен өмір сүріп келеді.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus