Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көктемгі көңілкүй»
07.03.2023

Мереке қарсаңында кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі көңіл күй» атты мерекелік кездесу өтті.  «Встреча друзей» вокалдық тобы дайындаған әдемі музыка, романстар мен махаббат сезімі туралы әндер көптеген әдемі әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады.  Кештің әр қатысушысы кәсіби орындаушылармен бірге ән айтып, сүйікті саздарының сүйемелдеуімен билеп алуға мүмкіндік алды. 

Кездесу тағдыры елден ерекше және толағай табысқа жеткен, мақтауға лайық еңбек етіп, өз есімін тарихта қалдырған әйелдер туралы «Қазақстанның әйгілі әйелдері» өмірбаяндық фильмін көрсетуден басталды. Олардың ішінде аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітова, театр және кино актрисасы Хадиша Бөкеева, Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайрус Исмаилова және басқалардың есімдері аталды.

Көрермендер тарапынан уақыттарын жақсы өткізгендері және мерекеге сай жылы ахуал жасағандары үшін концертке қатысушыларға көптеген алғыс сөздер айтылды.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus