Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурыз айының мерейгер жазушысы: Марат Қабанбаев
20.03.2023

Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген.

М. Қабанбаев мектепте жүріп жазушы болуды армандады, оған бастауыш сыныпта оқыған «Робинзон Крузо» романы себепші болды. Жоғары сыныпта жүріп жазған алғашқы мақаласы балалар журналында жарық көрді. Мектепті бітіргенен кейін аудандық газетке жұмысқа орналасты, содан кейін журналистика факультетіне оқуға түсті.

1975 жылы С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.

Аудандық газеттің, «Жұлдыз» журналының редакцияларында, «Жалын» баспасының редакторы болып жұмыс істеді.

Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың қатарында балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармаға арналған республикалық байқауда II сыйлыққа ие болған «Жиһанкез Тити», «Бақбақ басы толған күн» повестер жинағы бар. Осы оқиға бойынша «Қазақфильм» студиясында «Когда тебе 12 лет» толықметражды көркем фильм түсірілді.  Оның «Кермек дәм» деп аталатын алғашқы романы жазушының құрдастарының соғыстан айырылған балалық шағы, жетімдік, соғыстың ұзақ та ауыр күндері туралы. Жазушының Украинада басылып шыққан «Эхо» әңгімесінде соғыста көрген небір азапты күндері көрініс тапқан.

Марат Қабанбаев – М. Әуезов атындағы Қазақстан Жазушылар одағының 1988 ж. сыйлығының және екі жылда бір рет Халықаралық балалар кітабы кеңесі (IBBY) беретін Х. К. Андерсен атындағы құрметті дипломның 1990 ж. лауреаты.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus