Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қолөнер» жобасы
30.03.2023

Қостанай облысы қолөнершілерінің «Qolóner» қоғамдық қоры (жетекшісі Кабидулова С. К.)  Өнер туралы әдебиеттер бөлімімен бірлесе отырып қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнер шығармашылығын дәріптеу жобасын қолға алды.

Қостанайда қолөнердің шығыс керамикасы, киіз басу, құрақ құрау, ұлттық жиһаз жасау, зергерлік өнер, музыкалық аспаптар жасау, былғарыдан бұйым жасау, кілем тоқу, кесте тігу сияқты түрлерімен айналысатын шеберлер жетерлік. 

Осы жоба аясында қолөнердің түрлері бойынша бұйымдардың көрмелері жұмыс істейтін болады.  Бірнеше апта бойы қала тұрғындары мен қонақтары көрмеге қатыса алады, шеберлік сабақтарына жазыла алады, оқудан өте алады.

30 наурызда қолданбалы өнерді ұнатушылардың қолданбалы өнер суретшілері Светлана Шалуновамен, Мұхамедқали Рахалиевпен, Наталья Шаровамен, Динара Қыпшақбаевамен алғашқы кездесуі болды

Светлана Шалунова киізбен жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді, басқалары өздерінің шығармашылық жұмыстарын қалай бастағандары туралы, суретші болуға қандай себептер болғаны жайында айтып берді. 

Енді теориялық және практикалық сабақтары бар мұндай кездесулер кітапханада тұрақты өтіп тұратын болады. 

Байланыс телефоны: 500-687 – Өнер туралы әдебиеттер бөлімі

+7 775 790-95-57 – Сауле Кабидуловна 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus