Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Экономика – ең қызықты саланың бірі»
04.04.2023

Құрметті пайдаланушылар! 4 сәуірден бастап Абонементтер бөлімінде «Экономика – ең қызықты саланың бірі» атты кітап көрмесі безендірілді.

Қазіргі адам үшін экономикалық үдерістерді түсіну оған ақшаны дұрыс жұмсауға ғана емес, сонымен бірге экономика саласындағы өз күші мен мүмкіндіктерін білуге де көмектеседі. Арнайы білім біздің ойларымыз бен жоспарларымызды шындыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Біздің көрмеден экономикаға қатысты көптеген пайдалы және қызықты басылымдарды таба аласыздар. Оқырмандар назарына танымал авторлардың танымдық кітаптары ұсынылған: Дон және Алекс Тапскотт  «Технология блокчейн» – серпінді технологияның таптырмас нұсқаулығы деуге болатын бұл басылым болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді, Брайан Смит  «Рождение бренда» – тауарды дамыту, оны бүкіл әлемге таныту жолындағы күрес туралы тартымды, сенімді әңгіме,Стивен Кови  «7 навыков высокоэффективных людей» – кітап оқырманға түрлі идеялар ұсынады, жетістікке жету үшін оларды іс жүзінде қолдану жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ көрмеде бизнес, маркетинг, менеджмент туралы танымдық басылымдар ұсынылған.

Барлық ниет білдірушілерді көрмемен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus