Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Батырдың биік тұлғасы»
05.04.2023

  5 сәуірде Өлкетану әдебиеттері бөлімі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Батырдың биік тұлғасы» атты тарих кешін өткізді.

«Нағыз адамды заманы тудырады», – дейді ұлы Абай. Амангелді – өз дәуірінің адамы, ол халықтың арасынан шыққан, жұртының бақыты жолындағы күрескердің керемет үлгісі, өз халқын, өз Отанын жанынан артық көрген, ешкімді нәсіліне қарап алаламаған адал және отаншыл жан. Амангелді Имановтың өз халқының бостандығы мен бақыты жолындағы жанқиярлық күресі оның есімін өшпестей етіп жұртының жадында қалдырды.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар замандастарының айтқандарынан жазып алынған естелік материалдар, қазақ халқының көрнекті ұлының өмірі мен атқарған ісі туралы баяндайтын кітап басылымдары, газет және журнал мақалалары қойылған «Дархан даланың дара перзенттері» атты кітап көрмесімен танысты. Қалқаман Жақып, Абылай Мауданов, Өтеген Исеновтың сөйлеген сөздері, бейнеролик, «Амангелді» көркем фильмінің үзінділері, Торғай облысы бойынша жасалған экспедиция тарихындағы қызықты сәттер қазақ халқының көптеген ұрпақтары үшін үлгі болған Амангелді Имановтың ерлікке толы өмір жолын тағы да еске түсірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus