Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Маусым айының мерейгер жазушысы: Орын­күл Тәжиева
02.06.2023

Орынкүл Тәжиева 1943 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан об­лысы Сарыағаш (бұ­рынғы Келес) ауданының Абай ауылында ту­ған.

1963 жылы Шымкент қаласындағы ме­дициналық училищені бі­тіріп, аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарды. 1969 жы­лы Қазақ мем­ле­кеттік университетінің журналистика фа­куль­тетін бітірген соң рес­публикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қыз­мет­кер, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып іс­теген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде бөлім мең­герушісі, жауапты хатшы, 1985 жылдан Келес аудандық партия ко­митетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орта­лы­ғын­дағы №3 балабақшаның меңгерушісі болып қызмет ат­қар­­ған.

Орынкүл Тәжиеваның «Жетім қыз», «Қара қолғап», «Менің ауы­лымның адамдары», «Алтын жазулы алқа», «Шоқ жұлдызды Домалақ ана», «Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы» атты кітаптары жарық көрген. Кезінде оқырман қауымнан да, белгілі сыншылардан да жақсы бағасын алған шығармалары баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрды. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспей еңбек етті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus