Эрих
Ремарк 1898 жылы 22 маусымда Оснабрюк қаласында дүниеге келген. Ремарк алғашқы
білімін шіркеу мектебінде алды. Содан кейін ол католиктік семинарияда оқыды.
1916 жылы соғысқа аттанды, жараланды. Соғыстан кейінгі уақытта Эрих Ремарк
бірнеше мамандықтың басын шалды. Ол журналист және тілші болып істеді, сонымен
қатар кітапханашы, мұғалім, есепші болып та көрді.
Эрих Мария Ремарк – 20
ғасырдың әйгілі жазушысы, 1929 жылы басылған «На Западном фронте без перемен»
романының авторы.
Ремарктың
алғашқы шығармалары 1916 жылы жазылды. Кейін жазушы қайтыс болған анасының
құрметіне Эрих Мария Ремарк деген бүркеншік ат алды. 1929 жылы жарық көрген «На
западном фронте без перемен» шығармасында Ремарк соғыстың қатыгездігінен алған
әсерін бейнеледі. Бұдан басқа осындай тағы бірнеше шығармасы жарық көрді, бірақ
олардың барлығын 1933 жылы әсіре ұлтшылдар өртеп жіберді. Сол жылы Ремарк
Швейцарияға қоныс аударды.
Марлен
Дитрихпен болған қарым-қатынас әсерінен Ремарк 1945 жылы «Триумфальная арка»
романын жазды. 1939 жылы Эрих Мария Ремарк АҚШ-қа көшіп барды, сегіз жылдан кейін
осы елдің азаматтығын алды. 1958 жылы екінші рет үйленіп, енді актриса Полетт
Годдармен бас қосты (Ремарктың бірінші әйелі биші Ютта Замбона болды). Осыдан
кейін ол әйелімен бірге Швейцарияда тұрақтап, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.
Эрих
Мария Ремарктың басқа танымал шығармаларының ішінде «Три товарища», «Время
жить и время умирать», «Чёрный обелиск», «Жизнь взаймы»
және т. б. бар.
Оның романдары стилінің
қарапайымдылығымен ерекшеленеді және соған қарамастан олар бірінші жолынан-ақ
оқырманын баурап алады. Оларды бірнеше ұрпақ оқып келеді және оқи бермек. |