Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі». 27.09.2023 | 27 қыркүйекте Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті. Кітап көрмесінде ұлттық валютаның қалыптасуына, ақша қатынастары мен реформалардың дамуына, Қазақстанның қазіргі кездегі экономикалық дамуына арналған кітаптар ұсынылды. Іс-шара қонақтарына Ұлттық банк ұсынған естелік және мерейтойлық монеталардың коллекциясы көрсетілді. Іс-шарада Ұлттық банктің Қостанай филиалы директорының орынбасары Омарханова Жанна Төлегенқызы, бөлім бастығының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар жөніндегі орынбасары Жаулыбаев Нұрлан Әлімбайұлы, Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Құдайбергенова Гүлмира Қалиасқарқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жандаулетов Тобыл Тілегенұлы сөз сөйледі. Іс-шараға ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, № 6697 ә/б әскери қызметшілері, қаланың білім беру мекемелерінің студенттері қатысты. Жыл соңына дейін жұмыс істейтін кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз. #Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|