Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мұзафар – таудай биік тұлға»
16.10.2023
Абонементтер бөлімінде ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мұзафар – таудай биік тұлға» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде жазушының ақындық талантын құрметтейтіндер үшін қазақ тіліндегі 2 томдық шығармалар жинағы ұсынылған, оған ақынның лирикалық және философиялық дастандары, балладалары, балаларға арналған әндер мен аңыздар кірген. Лирикалық шығармалардан басқа оның «Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның», «Көңіл күнделігі», «Ғұмыр дария», «Қалам қайраты» секілді естеліктері, зерттеулері, очерктері қойылған.
Көрмені жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын ашатын «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық», «Литература Казахстана. Энциклопедический справочник» басылымдар толықтырады.
Көрме 16 қазаннан 30 қазанға дейін жұмыс істейді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus