Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Махамбет мұрасы – егемен елдіктің өшпес рухы»
17.10.2023
17 қазанда қазақтың атақты ақыны әрі батыры Махамбет Өтемісовтың туғанына 220 жыл толуын мерекелеу аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК «Махамбет мұрасы – егемен елдіктің өшпес рухы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Кездесуге Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жетекшісі Оразова Іңкәр Серікқызы және Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Қанатқалиева Жанар Қанатқалиқызы қатысты.
Олар даңқты жерлестерінің өмірі мен шығармашылығы туралы, елдің есінде қалған тарихи оқиғалар мен кезеңдер туралы айтып беріп, оның есімімен аталатын мұражайға виртуалды экскурсия жасады.
«Ақ қауырсын» әдеби клубының қатысушылары Махамбет Өтемісовтың өлеңдерін оқыды.
Іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus