Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханашы күні
19.10.2023
2023 жылдың 19 қазанында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бастамасымен алғаш рет «Кітапханашы күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері, орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің, облыстық кітапханалардың басшылары мен кітапханашылары, оқу орындарының, облыстық мәдениет және өнер ұйымдарының басшылары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкіұлы, Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы, қоғамдық даму басқармасының, білім басқармасының басшылары, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер мен демеушілер қатысты. Кітапхана мамандарына Қостанай облысы әкімінің құрмет грамоталарын, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы үшінші республикалық байқаудың жеңімпаздарына сертификаттар мен грамоталарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкіұлы табыс етсе, Қостанай облысы мәдениет басқармасы мен ҚР Ұлттық кітапханасы басшысының грамоталарын мәдениет басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы табыс етті. «Аманат» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Аққужина Бибігүл Бүркітбайқызы және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы Орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен кітапханашыларына кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарын табыс етті. Ауданның мәдениет бөлімдері мен облыс орталығының мәдени мекемелерінің басшылары кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі мен еңбегі үшін зор алғыстарын білдірді.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың назарына облыс кітапханаларының тарихы мен бүгінгі күнін көрсететін фотокөрме ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus